Қазақстанның барлық аймағында тұман мен көктайғақ болады

436

Қазгидромет аймақтарда 4 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның барлық аймағында тұман мен көктайғақ болады Фото: inbusiness.kz

"Еліміздің көп бөлігіне Қара теңіз аудандарынан жылдам ауысатын антициклон, ал оның артынан Қазақстанның батысына орталығы Скандинавия түбегіндегі циклон жырасы әсер етеді. Барикалық түзілімдердің ауысуымен және атмосфералық процестердің өршуімен ҚР көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желдің жаяу бұрқасыны күшеюі мүмкін. Тек елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман мен көктайғақ болады", - деп жазды синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу