Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

213

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, ауа райы өзгерістеріне дайын болу ұсынылады.

Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды Фото: aikyn.kz

2023 жылдың 13 қазанына Қазақстанның көптеген аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Астанада боран және көктайғақ болады. Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және басқа облыстарда да боран, көктайғақ және жел күшейеді.

Қазгидрометтің мәліметіне сенсек, кейбір аймақтарда тұман басады. Астана мен Ақмола облысында түнде және таңертең боран соғып, көктайғақ күтіледі. Көкшетауда жолдарда мұз қатып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ал, Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан және оңтүстіктен жел соғып, боран, көктайғақ болады. Батыс аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батыс, солтүстік және орталық аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында да желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, батыс және солтүстік бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөлігінде қатты қар жауып, оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман басып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады.

Жетісу облысында түнде таулы аймақтарда тұман түседі. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батыс, оңтүстік және орталық аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында боран соғып, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Оңтүстік және шығыс аудандарында өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Қостанай облысында боран мен көктайғақ күтіліп, түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында көктайғақ күтіліп, түнде тұман болады, солтүстікте -1°C дейін аяз болады деген болжам бар. Орталық және солтүстік аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында да көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с соқпақ.

Түркістан мен Шымкентте қатты жаңбыр жауады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Жезқазғанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу