Алдағы үш тәулікте барлық өңірде күн суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанда қараша айының соңына дейін жылы ауа райы сақталды, ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары болды. Бірақ енді алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен республиканың барлық өңірлерінде қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік облыстарда сулы қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда. Ауа температурасы мөлшер шамасында және мөлшерден 1-3 градусқа төмен болады. Солтүстікте қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Батыста ызғырық жел соғып, жауын-шашын болуы мүмкін. Шығыс өңірлердің кей жерінде тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады, күн суытады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу