Қазақстанның барлық өңірінде түркияға көмек жинау орындары ашылды

1135

Үйсіз-күйсіз қалған Түрік жұртына көмектескісі келетіндер үшін Қазақстанның барлық аймағында арнайы орындар ашылып, жұмыс істеуде. 

Қазақстанның барлық өңірінде түркияға көмек жинау орындары ашылды

Қазірдің өзінде оларда  115 тонна гуманитарлық көмек, 35 млн теңге қаражат жиналыпты.  Ақша Afad қорына аударылып,  қажетті жабдықтар жүк көліктеріне тиелді. Дереу жеткізілуі тиіс тауарлар ұшақпен бауырлас мемлекетке асуда. Осыған дейін еліміздегі Түркия елшілігі көмектескісі келетіндер жиналмалы шатыр,жылытқыш құралдары мен электр генераторлары аса қажет екендігін айтқан болатын. Белсенділер енді осы бағытта бірігіп жатыр. Тіпті,  100 ден аса  киіз үй жабдығын  Түркияға жеткізіп үлгерді. Qazaq OIL компаниясы да  ізгі амалдан тыс қалмады. Ондағы  4 мың қызметкер қаражат жинап керекті жабдықтарды жібермекші. Бұл қыс ортасында панасыз қалған азаматтарға медет болады деген үміт бар. 

"Түрік еліне көмек көрсетуге қызметкерлердің өздері ұсыныс білдірді. Алматыда жылы киімдер, балаларға арналған жаялықтар, азық-түлік тауарлары, жылытқыш заттарын сатып алдық. Ал, Астанадағы әріптестер бірігіп қазақи киіз үйлерді жіберуге бекініп отыр. Бір-екі күнде жабдықтарын аламыз. Сосын Алматы арқылы Түркия еліне жібереміз. Елшілікпен тікелей байланысып отырмыз, киіз үй құрастыратын адамдар керек болса,оны да ұйымдастыруға дайынбыз", деді "Qazaq Oil" компаниясының PR директоры Әсел Әлімханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу