Қазақстанның барлық өңірінде жылыту маусымы тұрақты режимде жүріп жатыр

645

Еліміздің көптеген өңірінде жылыту маусымы басталып, штаттық режимде жүріп жатыр.

Қазақстанның барлық өңірінде жылыту маусымы тұрақты режимде жүріп жатыр

Ал оңтүстік өңірлерде 10-15 қазан аралығында басталады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде селекторлық кеңес өтіп, жылыту маусымына дайындық пен бастау мәселелері талқыланды. 

Атап айтқанда, электр станциялары мен желілердің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің дайындығы, сондай-ақ өңірлерде отын дайындау мәселелері талқыланды.

30 қыркүйекте энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Дайындық паспортын алу қағидаларына сәйкес оларды беру мерзімі 19 қазанға дейін созылады. Қазіргі уақытта энергетикалық кәсіпорындардан түскен құжаттарды қарау жұмыстары атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда 161 өтініш түскен, оның 77-сі (54 станция, 23 желі) берілді, тағы 84-і (40 станция, 44 желі) қаралу үстінде.

Кеңес қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау және отынның нормативтік қорын қатаң сақтау қажеттігі тапсырылды.

Айта кетсек, аталған кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, "KEGOC" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу