Қазақстанның Бас мүфтиі сайланды

444

Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның Бас мүфтиі сайланды Фото: muftyat.kz

Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс берді.

"Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген делегаттар менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын", – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу