Қазақстанның Бас прокуратурасында Екатерина Биволға іздеу жариялау ісі ресми тіркелді

155

Іздеу ісі 2025 жылғы 1 қарашада тіркелген.

Қазақстанның Бас прокуратурасында Екатерина Биволға іздеу жариялау ісі ресми тіркелді Фото: матч тв

Белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға Қырғызстанмен қатар Қазақстан да іс қозғап, іздеу салып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында Дмитрий Биволдың бұрынғы жарына қатысты іздеу салу жөніндегі хабарлама жарияланған.

Ол жердегі мәліметке сәйкес Екатерина Бивол 1990 жылы 10 қаңтарда ТМД елдерінің бірінде дүниеге келген. Ұлты – орыс.

Іздеу ісі 2025 жылғы 1 қарашада тіркелген. Іздеу салған орган – ҚР Ішкі істер министрлігі, іздеумен Астана қаласының Байқоңыр аудандық полиция басқармасы айналысады.

Бивол

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу