Қазақстанның баскетболшы қыздары Азия чемпионатына қатысады

2489

Азия чемпионатында Қазақстан Гонконг, Сирия және Самоамен бірге В тобында бақ сынайды. 

 Қазақстанның баскетболшы қыздары Азия чемпионатына қатысады

28 қазан мен 3 қараша аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған құрлық додасына Қазақстан қыздар командасы да қатыспақшы, деп хабарлайды olympic.kz. 

Осымен 25-ші рет өтетін сары құрлық сынына қазақстандықтар 2007 жылдан бері қатысып келеді. Алайда, команданың көрсеткіші көңіл қуантарлықтай емес.

Біздің команданың ең жоғарғы көрсеткіші 2010 жылы ғана тіркелген, 6-шы орын. 

Ұлттық құрамаға "Ертіс", "Астана Тайгерс", сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы клубтарында сынға түсетін жас баскетболшылар шақырту алған. 

Азия чемпионатында Қазақстан Гонконг, Сирия және Самоамен бірге В тобында бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, Үндістандағы Азия чемпионаты 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу