Қазақстанның бастамасы әлемге тарады: Замбияда Волонтерлер жылы ресми басталды

371

Қазақстанның бастамасымен жарияланған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы аясында Замбияда ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанның бастамасы әлемге тарады: Замбияда Волонтерлер жылы ресми басталды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ аясында жүзеге асырылып, бүгінде әлемнің көптеген елінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Замбияның Мвинилунга ауданында өтіп, "Әрбір үлес маңызды: волонтерлер қоғам дамуына үлес қосады" ұранымен өткізілді.

Іс-шара барысында волонтерлердің тұрақты даму мақсаттарына қосып жүрген үлесі насихатталып, жергілікті билік өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері бас қосты. Сонымен қатар, салтанатты рәсімде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің арнайы үндеуі оқылды.

Ресми ашылу алдында ел көлемінде волонтерлік қызметті дәріптеуге арналған ақпараттық науқандар, экологиялық акциялар және қоғамдық орындарды көркейту жұмыстары өткізілді.

Халықаралық волонтерлер жылының басты мақсаты – азаматтарды әлеуметтік, экологиялық және гуманитарлық жобаларға белсенді қатысуға ынталандырып, еріктілер қозғалысының қоғамдағы маңызын арттыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу