Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

423

"Қазгидромет" 17–19 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық болады Фото: meteo-tv.ru

 Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең жоғары ауа температурасы Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тіркелмек. Мұнда 17–19 шілде аралығында күндіз 45–48 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Түркістан облысының солтүстігінде осы күндері шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында 17–18 шілдеде күндіз ауа температурасы 37–43 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде 17 шілдеде 45 градус өте қатты ыстық болжанып, бұл жағдай 18 шілдеде де сақталады. Облыстың солтүстігінде жаңбыр мен найзағай, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде 17 шілдеде ауа температурасы 42 градусқа, жалпы өңірде 35–39 градусқа дейін жетеді. Жетісу облысында да 35–39 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 17 шілдеде, сондай-ақ 18–19 шілдеде күндіз 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Сонымен қатар екі өңірде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болып, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысында 17–19 шілдеде күндіз 40–41 градус, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 18–19 шілдеде 40–42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында күндіз 43-46 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

17 шілдеде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болжанады. Желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей өңірлерде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мамандар тұрғындарды күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және дауылды ескертулерді назарда ұстауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу