Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

770

"Қазгидромет" РМК сайтында 3 маусымға арналған ауа райының болжамы  ұсынылды.  

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, 9-14 м/с жел болады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады,  жел екпіні 2-7, 14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 31-33 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 34-36 градус.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 23-25 ​​градус.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус.

Атырауда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 32-34 градус.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус.

Көкшетауда күн ашық, жауын-шашынсыз, 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 27-29 градус.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 36-38 градус.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай, 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 18-20 градус.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 32-34 градус.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 ​​градус, күндіз 37-39 жылу.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 33-35 градус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу