Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді

267

Синоптиктер 7-9 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді Фото: inbusiness.kz


Болжам бойынша, барикалық түзілімдердің өзгеруі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, 8-9 қарашада республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 9 қарашада қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасының шамалы көтерілуі 0-8 аяздан 0-5 аязға дейін, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяздан 5 градус жылыстан 3-10 градусқа дейін жылы болады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу