Қазгидромет мәліметінше, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түсіп, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.