Қазгидромет синоптиктері 10 сәуір, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жаңбыр жауады. Оңтүстікте таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, түнде Ақмола облысының солтүстігінде жаңбыр және қар жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, тұман түседі, оңтүстік өңірлерде – найзағай жарқылдайды. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Түнде Жетсіу облысының орталығында және таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.