Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

463

"Қазгидромет" РМК-сы мамырдың 16-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады Фото: google.com

Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Ақмола облысының батысында, шығысында, Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік жүреді, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу