Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

403

"Қазгидромет" РМК 18 наурызға арналған синоптикалық жағдай ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды хабарлады. 

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады Фото: Inbusiness.kz

 "ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі" — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу