Бірнеше өңірде найзағай мен қатты жаңбыр күтіледі

331

Кей өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.  

Бірнеше өңірде найзағай мен қатты жаңбыр күтіледі Фото: zakon.kz

8 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай, қатты жел және тұман күтіледі. Бірқатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше, ал солтүстік пен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде төтенше, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік және шығыс аудандарда жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысында күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Солтүстік пен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз батысы мен оңтүстік-шығысында желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Бірқатар ауданда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батыс пен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз батысында аздаған жаңбыр мен найзағай болжанады. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысында 8-9 қыркүйекте орталық, батыс және шығыс бөліктерінде төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. 8-9 қыркүйекте Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында түнде солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар, Шымкентте 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу