Қазақстанның бес азаматы елге жеткізілді

851

Қазақстанның бес азаматы елге жеткізілді

Сириядағы қақтығыс аймағынан шығарылған Қазақстанның бес азаматы елге жеткізілді. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукинның айтуынша бүгінде елдің арнайы қызметі қауіпсіздік мақсатында тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Әйелдің бала шағасымен Сирияға көшуге не түрткі болғандығын анықтап жатырмыз деді.

Естеріңізде болса, бір апта бұрын ресейлік арнайы рейспен 40-тан астам адам Грозный қаласына жеткізілген болатын. Олардың арасында Орал қаласының тұрғыны және оның кәмелет жасына толмаған төрт баласы болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу