Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтілуде

311

"Қазгидромет" РМК 23 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтілуде Фото: inbusiness.kz

Сәрсенбіде Ақтау, Алматы, Өскемен, Риддер, түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі.

Өзге қалаларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу