Қазақстанның 5 облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы іске қосылады

293

Қазақстанның бес өңірінде ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, отбасыларға жеке қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуге бағытталған "Ауылды дамыту командасы" пилоттық жобасы басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның 5 облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы іске қосылады Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Түркістан облысының Сауран ауданында жобаны жүзеге асыру барысымен танысты.

Жобаның негізгі ерекшелігі – әр отбасының жағдайы мен мүмкіндіктерін жеке бағалап, нақты қолдау көрсету. Бұл ауыл тұрғындарына жұмысқа орналасуға, жаңа мамандық меңгеруге, кәсіп ашуға және тұрақты табыс көзін қалыптастыруға көмектеседі.

"Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берумен ғана шектелмей, әр отбасының қажеттілігін түсініп, табысын арттыруға, жұмысқа орналасуға және өз ісін ашуға нақты мүмкіндіктер табуға көмектесу маңызды. Бұл мемлекеттік қолдаудың нақты әрі нәтижелі болуына мүмкіндік береді", – деді Бауыржан Омарбеков.

Пилоттық жоба Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады. Арнайы командалар жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету салаларының мамандарынан жасақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу