Қазақстанның бидайын қай елдер сатып алуда?

1486

Астық сатудан түскен түсім 16%-ға өскен.

Қазақстанның бидайын қай елдер сатып алуда?

2019 жылдың I жартыжылдығында 532,9 млн долларға 3 млн тонна бидай экспортталған, деп хабаралайды LS.

Жеткізудің заттай көрінісі 2,6%-ға қысқарғанымен, астық сатудан түскен пайда 16,2%-ға өскен.

Экспорттың тең жартысы Өзбекстан (1,1 млн тонна) мен Тәжікстанға (520,9 мың тонна) тиесілі.

Әзербайжан – 224,7 мың тонна, Қытай – 197,3 мың тонна, Түркіменстан 171,8 мың тонна астық сатып алған. Ауғанстан – 133,5 мың, Түркия – 110,5 мың тонна, Италия 106,4 мың тонна қазақстандық астықты сатып алған.

Сонымен қатар елімізден астық импорттайтындар қатарында Ресей мен Қырғызстан және Грузия бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу