Қазақстанның бір жылда туризмнен қанша табыс тапқаны белгілі болды

1034

Қазақстанның бір жылда туризмнен қанша табыс тапқаны белгілі болды

Саяхаттаушылардың арқасында қазына қоржынын толтыра алған елдердің көшін Құрама Штаттар бастап тұр, деп жазады  Sputnik Қазақстан.

Қазақстан ЭКСПО халықаралық көрмесі өткізілген2017 жылы туристердің арқасында қанша табыс тапқаны белгілі болды.

How Much агенттігі сырттан келушілер туризмі туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметтерін жариялады.  Порталдың дерегі бойынша,  жалпы алғанда  шетелдік қонақтар Қазақстанға келгенде, атап айтқанда, көлік, тамақтану және қызметтерге шамамен екі миллиард доллардай жұмсаған.

Саяхаттаушылар Әзербайжан мен Грузияға – үш миллион доллардан, Арменияға бір миллионнан астам қаржы қалдырған. Ресейде туристер тоғыз миллиард доллармен қоштасса, ал Түркия 22 миллиард долларға байыған.

Былтыр демалушылардың есебінен табыс тапқан үздік 10 елдің тізімі келесідей өріледі:

АҚШ –  211 млрд (доллар, және одан әрі де солай).
Испания – 68 млрд.
Франция – 61 млрд.
Таиланд – 57 млрд.
Ұлыбритания – 51 млрд.
Италия – 44 млрд.
Аустралия – 42 млрд.
Германия – 40 млрд.
Макао (Қытай) – 36 млрд.
Жапония – 34 млрд.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді экономиканың табысты саласына айналдыру үшін инфрақұрылымды дамыту жөнінде кешенді, мазмұнды жұмыс жүргізу қажеттігін айтқан болатын.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының дерегі бойынша, биылғы жарты жылдықта елімізге сапарлаған шетелдік туристердің саны 29,4%-ға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу