Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубайда Аустралия чемпионын ұтты

727

Елена Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің жетінші ракеткасы, биылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық София Кенинмен кездесті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубайда Аустралия чемпионын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Елена Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің жетінші ракеткасы, биылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық София Кенинмен кездесті.

Бірінші партияда америкалық спортшы тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:2). Екінші партияда Елена есе қайырды - 6:3. Шешуші, үшінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін ол матчқа доп бергенде, қателескен жоқ - 6:3.

Тартысты бәсеке екі сағатқа созылды. Осылайша Аустралия чемпионын ұтқан Е.Рыбакина жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 58-ракеткасы, чехиялық Катерина Синяковамен таласады.

Айта кетсек, Елена жуырда Санкт-Петербург додасында К.Синякованы 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу