ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті есептерді қарау нәтижелері бойынша 30 ТМС бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталды, оның ішінде "Астана-Энергия" АҚ, "Астана-Теплотранзит" АҚ (Нұр-Сұлтан қ.), "Талдықорғантеплосервис" КМК (Алматы облысы) сияқты ірі монополист субъектілер және басқалары бар.
Нұр-Сұлтан қ., Алматы облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдарды ұсыну сияқты қызметтер бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.
Орташа алғанда қызметтер бөлінісінде тарифтердің төмендеуі:
- жылумен жабдықтау – 17%;
- сумен жабдықтау – 7,4;%;
- су бұру – 3%;
- электрмен жабдықтау – 18,6%-ды құрады.