Қазақстанның бірқатар елдімекендерінде телерадио хабарларын тарату уақытша өшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2021 жылғы маусымда Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Алматы қаласының кейбір радиотелевизиялық станцияларында аналогты эфирлік телехабар тарату жабдығын бұзып-бөлшектеу жұмыстары басталады және жарияланған кесте бойынша жаз бойы жалғасады, бірақ айына 5 күннен аспайды. Мысалы, Алматыда үзілістер 7-11 маусым, 12-16 шілде және 9-13 тамыз аралығында жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу