Қазақстанның бірқатар өңірінде 42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

325

Батыс пен солтүстікте жаңбыр мен бұршақ болжанса, оңтүстік аймақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде 42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі Фото: Егемен Қазақстан

22 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамынша, елдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады. Астана қаласында күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Павлодар және Ұлытау облыстарының кей аудандарында сынап бағаны 41 градусқа дейін жетсе, Қызылорда облысында 40-42 градус ыстық болады. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында да 35-38 градус аралығында қатты ыстық күтіледі.

Шымкент, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанған. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар, Абай және басқа да бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу