15 шілдеде еліміздің басым бөлігінде 35–39°C қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы 40–43°C-қа дейін көтеріледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40°C, Абай облысының оңтүстігінде (15–17 шілде) және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде (16–17 шілде) 41°C-қа дейін өте қатты ыстық болжанады.
Қатты ыстық Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарын қамтиды.
Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе және Қостанай облыстарында сақтық шараларын күшейту қажет.
Сонымен қатар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ, дауыл және желдің 15–25 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Астанада 15 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл және желдің екпіні 15–20 м/с болады. Алматыда ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте жоғары өрт қаупі жалғасады.