Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз көтеріледі

951

Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз көтеріледі

Жаңа жылдық мереке күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында нормадан  8-15ºС жоғары болды. Күндізгі температура +2ºС дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа райы - бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен  атлантикалық циклондармен байланысты болды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде еліміздің солтүстік жартысындағы ауа райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, батыстан күшті желі соғады.

Орталық Азиядан жылжыған циклон оңтүстік облыстарға  жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкеледі.  Қазақстанға  Архангельск ауданынан антициклон ауысып, 6-7 қаңтарда елдің бірқатар өңірінде өткінші суық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу