Елордада жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, желдің жылдамдығы күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр мен найзағай, солтүстігінде найзағай болады. Кей өңірлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында тұман күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының батысында жаңбыр мен найзағай болжанса, жел 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысында қатты жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Желдің күші 15–20 м/с болады. Сонымен қатар өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында найзағай, жаңбыр, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр. Орал қаласында да тұман күтіледі.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Түркістан облысында және Шымкент қаласында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай және Ақмола облыстарында жаңбыр, найзағай, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.