"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 10 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
Мына облыстарда болжанып отыр:
- Ақмола;
- Шығыс Қазақстан;
- Солтүстік Қазақстан;
- Қарағанды;
- Жамбыл;
- Алматы;
- Павлодар;
- Жетісу;
- Абай.
Бұл аймақтарда көріну шектеулі болуы мүмкін, жол беті тайғақ, қар жабындары пайда болады.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, көліктер арасындағы арақашықтықты ұстануды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауды ұсынады.
Тайғақ немесе ылғалды қар жағдайында күрт бұрылу, тежелу және алға шығу жол апаты қаупін арттыратынын ескерген жөн.
Жолдардың қазіргі жағдайы мен шектеулер туралы ақпарат алу үшін жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласа алады.