Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, дауыл және төтенше өрт қаупі бар

127

14 тамызда еліміздің бірнеше облысында ауа райы қолайсыз болады: кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, екпінді жел соғады.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, дауыл және төтенше өрт қаупі бар Фото: Depositphotos.com

Сонымен қатар, күннің қатты ысуына байланысты көптеген өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының тулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 14 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 14 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 14 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 14 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 14 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, күндіз найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодар қ.: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 14 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 14 тамызда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Астанада күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 14 тамызда найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 14 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың, шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 14 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу