16 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің болжамынша, Астана мен солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде таңертең тұман түседі.
Сонымен қатар еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аптап ыстық сақталады. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктер жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертіп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.