Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

335

Синоптиктер 1-3 градусқа дейін үсік, жаңбыр, найзағай және қатты жел болатынын ескертті.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін Фото: mavink.com

"Қазгидромет" 2 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

Астанада түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болжанады. Алматыда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жел күшейіп, Алакөл көлдері ауданында екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал. Таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман, жаңбыр және жел күтіледі. Павлодар мен Қарағанды облыстарының кей аудандарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және таулы аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Абай облысында да жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, Түркістан облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр болжанады. Түркістан мен Қызылорда облыстарында күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу