Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, үсік жүреді

335

Кей өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.    

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, үсік жүреді Фото: informburo.kz

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Жетісу облысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Бірқатар өңірлерде жел жылдамдығы 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 1-3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл болжанады. Сонымен қатар бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу