Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бас прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстанның Швециядағы елші қызметі мен Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Сондай-ақ, Бақыт Батыршаев Қазақстаның Саудиядағы төтенше және өкілетті елшісі, еліміздің ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметінен, Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Қазақстанның Өзбекстадағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев та қызметінен босатылды.