Қазақстанның бірнеше қаласында жылыту маусымы аяқталды

114

Энергетиктер жылу жүйесін өшіргеннен кейін көктемгі міндетті гидравликалық сынақ жұмыстарын бастайды. 

Қазақстанның бірнеше қаласында жылыту маусымы аяқталды Фото: qaz365.kz

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымы кезең-кезеңімен аяқталып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

20 сәуір күні Павлодар қаласында жылу беру тоқтатылды. 

Сол күні Ақтөбе қаласында да тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жылу беру тоқтатылды. Ал әлеуметтік нысандарға жылу 28 сәуірге дейін беріледі.

Семей қаласында жылыту маусымы 21 сәуірде аяқталады. Қала әкімдігінің мәліметінше, маусым тұрақты өтті. Жылыту тоқтатылғаннан кейін тұрғын үйлер кезең-кезеңімен ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Қарағандыда жылу беру 24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні тоқтатылады. Мұндай шешім ауа райының жылынуына байланысты қабылданған.

Ал Астанада жылыту маусымының нақты аяқталу күні әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында жылыту маусымы 3 сәуірде аяқталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу