Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күшейеді: кей жерлерде ауа температурасы 47 градусқа дейін жетеді

470

Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланып, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.  

Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күшейеді: кей жерлерде ауа температурасы 47 градусқа дейін жетеді Фото: el.kz

"Қазгидромет" 27 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 шілде мен 1 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Қызылорда және Түркістан облыстарында қатты ыстық болады. Осыған байланысты аталған өңірлердің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.

Ең жоғары температура Маңғыстау облысында тіркелмек. Мұнда күндіз ауа температурасы 43–47 градусқа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 40–43 градус, Қызылорда облысында 40–42 градус, Түркістан облысында 40–41 градус, Қостанай облысының оңтүстігінде 41 градус ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа, Ақмола облысында 35 градусқа, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 35–39 градусқа, Қостанай облысында 35–37 градусқа дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел болжанып отыр. Ал Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды күннің ең ыстық уақытында сақтық шараларын сақтауға, ашық от жақпауға және төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне құлақ асуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу