Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді

329

Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл болады.  

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді Фото: baq.kz

"Қазгидромет" 24 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте бұл қауіп 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, тұман және секундына 15-20 метрге дейін жел күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде шаңды дауыл болжанады.

Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл және Алматы облыстарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанады. Жетісу облысында да жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, тұман және желдің күшеюі күтіледі.

Сонымен қатар Ақтөбе, Ұлытау және Абай облыстарында жел күшейеді. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу