Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

251

Кей өңірде үсік, тұман күтіледі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады Фото: turkystan.kz

30 қазанда еліміздің бірқатар облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, солтүстік және таулы аудандарда жауын-шашын кей уақытта қатты болады. Көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Абай облысында да жауын-шашын түсіп, солтүстік және шығыс аудандарда көктайғақ болады. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-9 градусқа дейін үсік жүреді. Таулы аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді. Ал, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 3 градус, Түркістанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында да жел күшейеді.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады. Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі бар. Алматы мен Шымкент қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу