Қазақстанның бірнеше өңірінде өткінші жаңбыр жауады

254

31 тамызда елдің бірқатар аймағында жаңбыр, найзағай, қатты жел және үсік күтіледі.  

Қазақстанның бірнеше өңірінде өткінші жаңбыр жауады Фото: klg.aif.ru

"Қазгидромет" 31 тамызға Қазақстанның бірқатар өңірі бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде 1-3 градус үсік болуы мүмкін.

Алматыда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте солтүстік-шығыс желі соғып, оның екпіні 15-20 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында түнде және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл болып, желдің екпіні 18-23 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Іле Алатауының таулы аймақтарында да өткінші жаңбыр, найзағай және қатты жел болжанады.

Түркістан облысының тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы ықтимал. Кей өңірлерде желдің екпіні 25-28 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Қарағанды облысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанған.

31 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Бұдан бөлек, бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарында өрт қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтау ескертілді.

Түнде және таңертең Павлодар облысында солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында да түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу