Қар, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды

291

Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді.

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

23 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, кей аймақтарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Шымкентте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Бірқатар ауданда тұман күтіледі.

Қарағанды, Атырау және Маңғыстау облыстарында да тұман түседі. Қарағанды облысында күндіз желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Жетісу облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді. Алакөл көлдері ауданында кей уақытта екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік және шығыс бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді. Екі облыстың кей аудандарында тұман болады.

Түркістан облысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 25 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу