Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді

255

Кей өңірлерде жел күшейеді.

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді Фото: el.kz

29 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді. Кей жерлерде түнгі үсік пен жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Бірқатар өңірде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында 3 градус үсік күтіледі. Түркістан облысының батысында да үсік жүруі ықтимал.

Алматы мен Шымкент қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында, сондай-ақ басқа да өңірлердің жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында да жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу