Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

276

Бірқатар аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді Фото: katun24.ru

24 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. "Қазгидромет" синоптиктері тұман, көктайғақ, қатты жауын-шашын және екпінді желге байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана мен Шымкент қалаларында тұман күтіледі. Астанада түнде және таңертең көктайғақ болады. Ал Шымкентте солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, тұман мен көктайғақ болжанады. Кей өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні 24-29 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Абай облысында да жаңбыр жауып, оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 24-29 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта қатты жауын-шашын түседі. Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, желдің екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тұман түсіп, желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Ұлытау облысында тұман түсіп, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Атырау мен Маңғыстау облыстарында да тұман күтіледі. Маңғыстауда желдің екпіні кей уақытта 23 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында да тұман болады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және ашық аумақта сақ болуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу