Қазақстанның бірнеше өңірінде жел тұрып, жаңбыр, бұршақ жауады

665

7 шілдеде Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанның бірнеше өңірінде жел тұрып, жаңбыр, бұршақ жауады

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы мен Қонаев қалаларында да күндіз найзағай ойнайды. Осы күні Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

"7 шілдеде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Ертең күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз таулы аудандарда екпіні 23 м/с", – деп жазды ведомство.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

7 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу