Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдар жойылмақ

211

Құжат 6 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдар жойылмақ Фото: drive2.ru

Қазақстанның бірнеше өңірдегі ауылдарды жою туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатқа сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Үйіл ауданына қарасты Үйіл ауылдық округінде орналасқан Екпетал ауылы таратылды.

Жалпы көлемі 3536 гектарды құрайтын таратылған ауылдың аумағы Үйіл ауылының құрамына енгізіледі. Осыған байланысты Үйіл ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 34 650 гектарға жетті.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Созақ өңіріндегі бірнеше елді мекенді жою туралы шешім қабылданды:

– Құмкент ауылдық округіндегі Қызылқанат ауылы;

– Созақ ауылдық округіндегі Шақырық ауылы;

– Шолаққорған ауылдық округіндегі Теріскей ауылы;

– Шолаққорған ауылдық округіндегі Жеткіншек ауылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу