Бұған дейін Мәжілісте заң жобасын таныстырған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин заң жобасының негізгі мақсаттары елді жоғары дәлдікті геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету екенін айтты.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда Кеңес Одағынан мұра болып қалған 1942 жылғы координаталар жүйесі жұмыс істейді, ол ескірген, дәлдік, тиімділік және прогрессивтілік талаптарына сай келмейді", – деген еді Мусин.
Заң жобасын іске асырудың нәтижесі халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру, адал бәсекелестік үшін жағдай жасау, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру.
Сондай-ақ Мәжіліс отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.