Қазақстанның блокчейн және криптовалюталар қауымдастығы дабыл қағуда

1014

Қазақстанның блокчейн және криптовалюталар қауымдастығы дабыл қағуда

Қазақстанның блокчейн және криптовалюталар қауымдастығы электронды қаржыға қатысты заңнаманы тездетіп қабылдауға үндеп отыр. Онсыз xалықтың ақшасы шетелге кете береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйым төрағасы Есет Бутиннің айтуынша, бүгінде қазақстандықтар басқа елдердің криптовалютасын сатып алу арқылы сол мемлекеттерге өз ақшасын салып жатыр. "Олар Ресей, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея нарықтарына шығып, криптовалюталарды сатып алуда. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы ақша шетелге кетіп жатыр деген сөз. Әрине, ел экономикасы үшін ол жақсы жағдай емес. Ондай нарықты өзімізде жасау қажет. Ол үшін тиісті ережелерді, бақылау мен реттеу шараларын әзірлеп, криптовалюталар алаңдары мен биржаларын құрған маңызды. Токендерді доллармен емес, теңгемен саудалауға жағдай жасау қажет. Сонда қазақстандықтар табыс таба алады. Ең бастысы, ол ақша шетелге кетпейді", - деді Есет Бутин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Осы орайда ұйым басшысы өткен жылы Беларусьтің криптовалюталар нарығын заңдастырғанын еске алды. Оның айтуынша, Минск қаласындағы жоғары теxнологиялар паркінде криптовалюталар мен токендерді саудалауға рұқсат берілді. Бұдан бөлек, заңды және жеке тұлғалар майнингпен айналыса алады. 2023 жылға дейін осы кәсіппен айналысатындар салықтан босатылды. Осылайша, Беларусь криптовалюталар нарығын дамытуға белсене кірісті.

"Ал Ресей Федерациясы арнайы заңды қабылдауға әзірленіп жатыр. Шамамен, маусым айында олар криптовалюталар нарығына қатысты заңнаманы қабылдайды. Қазақстанға да қалыспау қажет. Себебі біз бәріміз бір одақтың ішінде отырмыз", - дейді Бутин.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу