Президенттің жарлығымен Виктор Темірбаев Болгариядағы елші болып тағайындалды, ол Литвадағы елші қызметінен босатылды.
Басқа жарлықпен Тоқаев Болгариядағы елші Теміртай Избасинді қызметінен босатты.
Тимур Оразбаев Қазақстанның Литвадағы босаған елшісі қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Биылғы жылдың наурыз айына дейін Қазақстанның Албаниядағы дипломатиялық миссиясын Абзал Сапарбекұлы басқарды.