Қазақстанның барлық өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

201

Төтенше жағдайлар министрлігі маңызды мәлімдеме жасады. 

Қазақстанның барлық өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады Фото: РБК

Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау" тақырыбында "Қыс – 2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу