Қазақстанның бұрымды боксшылары Шымкенттегі спартакиадаға жиналады

1331

 Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары турнирге түгел қатысады.

Қазақстанның бұрымды боксшылары Шымкенттегі спартакиадаға жиналады

Шымкентте әйелдер боксынан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады. Бұрымды боксшылар бәсекесі 19 мамырға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Елішілік турнирге жалпы есебі 79 спортшы қатысады. Тек Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысының командалары турнирден сырт қалады. Ал ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары турнирге түгел қатысады. 

Жарыстың тағы бір ерекшелігі – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнованың шаршы алаңға қайта оралуы. Тәжірибелі спортшы 69 келіде бақ сынайды. 

Жарыстың ашылу салтанаты ертеңге жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу